Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Конвенцияға 1933 жылғы 26 желтоқсанда Монтевидео қаласында (Уругвай Республикасы) қол қойылған. Конвенцияның негізгі мақсаты айыпталушыларды немесе сотталған адамдарды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу мақсатында оларды ұстап беру саласындағы ынтымақтастықты орнату, сондай-ақ сотталған адамдар үшін жазасын өз елінде өтеу мүмкіндігін жасау.
Осы Конвенцияның ережесіне сәйкес қатысушы мемлекеттер өздерінің аумағында жүрген айыпталушыларды немесе сотталған адамдарды қылмысы үшін қылмыстық қудалауды және сот үкімін орындауды жүзеге асыру үшін беруге міндеттенеді.
Конвенцияға сәйкес ұстап берілген адамның ұстап беруді сұратуға себеп болған құқыққа қарсы іс-әрекетті жасау жолымен алынған немесе дәлелдеме ретінде пайдаланылуы ықтимал мүлкі тәркіленуге және талап етуші елге берілуге жатады.
Конвенцияны ратификациялау кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабына сәйкес Конвенцияның 2-бабы бойынша өздерінің азаматтарын ұстап бермеуі туралы, сондай-ақ 15-бабы бойынша іздестіріліп жатқан адамның мүліктерін тәркілеу және беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімдеме жасау ұсынылады.
Құжат Палата қарауына жіберілді.